Е.Серкебаев атындағы №3 балалар музыка мектебі 1985 жылы құрылған.
Біздің миссия – жас ұрпақтың шығармашылық әлеуетін ашу, музыкалық мәдениетке сүйіспеншілік пен жоғары эстетикалық талғамды қалыптастыру, ұлттық және әлемдік музыкалық өнердің құндылықтарын бойына сіңірген, рухани бай, бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу.
Мектепте келесі бөлімдер жұмыс атқаруда: фортепиано, вокал-хор, халық аспаптары (қазақ және орыс), ішекті аспаптар және теориялық бөлім.
Мектеп түлектері музыкалық колледждерде, Қазақ ұлттық өнер университетінде, Еуразия ұлттық университетінде, сондай-ақ Қазақстан мен Ресейдің консерваторияларында, Германия мен Италияның музыка академияларында білімін жалғастырады.
